413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ХҚКО жаңа жұмыс жүйесіне көшті

  • 179
  • UPD: 14:38, 19.03.2020
Оралда ХҚКО жаңа жұмыс жүйесіне көшті

Оралда Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа жұмыс жүйесіне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы дерттің таралуын болдырмау мақсатында енді орталыққа 50 адамнан ғана кіргізіледі. Әр үш сағат сайын 20 минутқа үзіліс жарияланып, ғимарат ішінде дезинфекциялау шаралары жүргізілмек. Сондай-ақ қаланың түрлі аудандарындағы 20 мектепте өзіне өзі қызмет көрсету секторлары ашылды. Тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған орындарда арнайы оқытылған  мамандар тұрғындарға керекті электронды қызмет түрін алуына көмектеседі.

Марат Бассаров, Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры:

- Халыққа қызмет көрсету орталығына келетін адамдар саны 800-ге дейін жетеді. Жаман айтпай жақсы жоқ, егер солардың ішінде ауырғандары болса, жұқпалы дерттің қандай қарқынмен тараларын ойлай беріңіз! Сол себепті осындай шараларды қолға алдық. Тұрғындарға тағы айтарымыз, электронды үкімет порталының мүмкіндіктерін пайдаланыңыздар! Оған электронды сандық қолтаңба да міндетті емес. Порталға кіргенде бір реттік пароль дегенді таңдасаңыз жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы