435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде бағаны негізсіз өсіргендер анықталды

  • 104
  • UPD: 14:43, 19.03.2020
Өскеменде бағаны негізсіз өсіргендер анықталды

Өскемендегі көтерме сауда орталығында ең басты деген азық түлік өнімдерінің бағасы 10-15%-ке негізсіз қымбаттап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында күріш, қарақұмық, қант және ұн бар. Соның салдарынан шағын дүкендердегі баға да шарықтап шыға келді. Бүгін арнайы рейдке шыққан комиссия  осы көтерме сауда орнында болып,  біршама заңдылықтардың бұзылып жатқанына көз жеткізді. айталық,  орталықта әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түліктің бағасы мүлдем көрсетілмеген. Енді орталыққа әкімшілік айыппұл салынады.

Саят Жеңісханов, дүкен иесі:

- Бұл Өскемен қаласы бойынша ең орталығы қант алатын қант орталығы болып саналады, бұндағы баға 175 теңге боп тұрған 1 жұмадан кейінбаға 230 теңге, 20%-ке қымбаттап тұр.

Александр Светаш, қалалық мәслихат хатшысы:

- Көріп тұрсыздар, тіпті кейбір өнімдердің бағасы да жазылмаған.Бұл заңбұзушылық емес пе. Келген жұрт бірден алаңдай бастайды.Енді міне, осы жерде әкімшілік полиция қызметкерлері бар, барлығымыз бірге айппұл тағайындау үшін тиісті орындарға хат жазамыз.

Хабар 24 телеарнасы