411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы жалғыз оңалту орталығы ауылда тұратын науқас балаларға шектеу қойған

  • 178
  • UPD: 19:14, 19.03.2020

Солтүстік Қазақстанда аутистік спектрі бұзылған балалардың ата-аналары алаңдаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, облыстағы жалғыз оңалту орталығы ауылда тұратын науқас балаларға шектеу қойған. Мамандардан осыны естіген соң олар арнамызға хабарласып, мұңын шақты.

Бәйтерек ауылының тұрғыны Зарина Әлішеванің аутистік спектрі бұзылған баласы бар. Бұған дейін емделу үшін Нұр-Сұлтан мен Ресей қалаларына баратын ол Петропавлда орталық ашылғанда қатты қуанды. Тіпті 3 айлық оңалту курсынан өткен.

Зарина Әлішева, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

Ауыл балаларына орталыққа баруға болмайды. Себебін білмейміз. Мен қатты өкпелімін. Енді қайда барып, ем аламын? Бұл барып тұрған бассыздық деп ойлаймын.

Петропавлдағы аутизм орталығы былтыр қазанда ашылды. Бұл облыстағы жалғыз бейімдеу мекемесі. Қазір екінші оңалту курсы жүріп жатыр. Оған 62 бала барады. Орталық жетекшісі: «ауыл балаларына шектеу жоқ», дейді.

Назгүл Тортұлова, аутизм орталығының жетекшісі:

- Бізде алдымен келмейсіз деп, олай айтуға мүмкін емес. Келмейсіз, жоқ біз сізге олай, әрине, сұрақтар болды. Ол сұрақтарды біз шештік. Қазір ол атаналарға осы менің сұхбатым арқылы айта аламын, ешқандай көрсетілмейді шектеу.

Солтүстік Қазақстан облысында аутистік спектрі бұзылған 400-ден астам бала бар. Олардың дені Петропавлда тұрады. «Сондықтан алғашқы оңалту курстарына қалалықтар жазылды», - дейді білім басқармасының қызметкерлері.

Татьяна Протопопова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір бұл мерзім аяқталды. Бүгінгі таңда қаланың 100 баласы оңалту курсынан өтті. Енді сәуір айынан ауылдың балалары қабылданады. Кезекке барлығы 258 бала тұрды.

Өңірде ерекше балаларды оңалту жұмыстары жалғасып жатыр. Инклюзивті қолдау кабинеттері әр ауданда ашылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы