420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадан 6 млн 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

  • 313
  • UPD: 17:01, 19.03.2020
Елордадан 6 млн 300 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Соңғы 50 жылда биылғы қыс мезгілі ең қарлы кезең ретінде есте қалады.

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде олар жолдар мен тротуарларды тазалау, полигондарға қар шығару, көшелерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу шараларын атқарып жатыр.  Елордада 5 қар полигоны жұмыс істейді, тағы 5-еуі қарға толды. Әр ауданға өз полигоны бекітілген.

Қаланы қардан тазалауға күн сайын 1,5 мыңнан астам арнайы техника мен 1 700-ге жуық жол  жұмысшысы тартылады. Орта есеппен бір күнде камаздар 2,5 мың рейс жасайды.

Қыс басталғалы бері полигондарға шығарылған қар көлемі 6 миллион 293 159 текше метрге тең (522 235 рейс). Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе көп. Былтыр 2 миллион 874 248 текше метр қар шығарылған.

Хабар 24 телеарнасы