418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы жол сервистік кешендерде қауіпсіздік барынша күшейтілді

  • 450
  • UPD: 19:00, 19.03.2020

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінде халықаралық жүк тасымалына шектеу жоқ. Азық-түлік және өзге де тауар артынған үлкен сыйымдылықтағы көліктер қалыпты режимде транзиттік тапсырыстарын орындап жатыр. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы аумағындағы 31 жол сервистік кешенде қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді.

Осы ретте аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Сырдария ауданындағы бірнеше қызмет көрсету нысандарына барып, санитарлық-дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуімен танысты. Жалпы аумағы 2 гектар жерге орналасқан кешендерде көлік жуу және жөндеу орны, 40 орындық қонақ үй және автотұрақ бар. Келім-кетім жолаушы көп. Сондықтан облыс әкімі нысан иелері мен жауапты мекеме мамандарына вирустың таралуын болдырмау нұсқаулығы бұлжытпай орындалып, күн сайын қатаң тексерілуін тапсырды. 

Әлімжан Мадатов, жол сервистік кешен иесі:

- Кіргеннен кейін бірден көрсетеміз антисептикамен қол шайып, тамағын ішіп, шыққан кезде тағы жуады. Әр сағат сайын хлормен жуып, талапқа сай жұмыс істеп жатырмыз. 

Фердоуси Қожабергенов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

- Облыс әкімінің арнайы нұсқамасымен қойылған шектеулерге байланысты тамақтану орындарында бір мезетте 50 адамнан асырмау және сағат түнгі 22:00 кейінгі аралықта тамақты тапсырыс әдісімен сыртқа шығару. Яғни уақытқа шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы