435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жиырма алты қазақстандық Омбыдағы әуежайдан қайта алмай отыр

  • 117
  • UPD: 23:41, 19.03.2020

Қазақстанның 26 азаматы Омбы әуежайынан шыға алмай жатыр. Демалысты Таиландта өткізіп, Ресей арқылы елге қайтпақ болғандардың хикаясы ғаламторда қызу талқыға түсті. Пхукеттен қайтпақ болғандардың да жайы осындай. Ақшасы таусылған олар мемлекеттен көмек күтуде. 

- Нас здесь толпа, мы не можем уехать, нас не берут на борт не имея прямого билета на  самолет до Казахстана. 

Бұл Пхукет әуежайында тұрған Қазақстан азаматтары. О бастағы жоспар бойынша Таиландтан кейін олар алдымен Ресейге жетіп, ары қарай пойыз не көлікпен елге оралмақ болған. Дені солтүстік өңірлердің тұрғындары. Алайда ресейлік әуе компаниясы оларды бортқа отырғызудан бас тартты. Себебі қолдарында транзиттік жолаушылар  екенін растайтын әуе билеті жоқ.

Ал кеше Омбы қаласына жеткен 26 қазақстандық қазір транзиттік аймақта қалып қалды. Олармен байланыстағы турагент Наталья Хроменконың айтуынша, бұл жерде туристер 24 сағатқа ғана қала алады.

Наталья Хроменко, турагенттік директоры:

- Мен «Қамқор» ұйымына 16 адамқа өтініш жібердім. Бірде бір өтініш бойынша маған ешкім хабарласпады. Қамқор бірде-бір адамға көмек көрсетпеді. Қамқор – ол туристтік ассоцияция. Операторлар шамамен соңғы бес жылдан бері әр турист басына 10 доллардан жарна төлейді. Сол қаражатқа Қамқор осындай қиын жағдайға қалғандарға көмектесуі тиіс.

Қиын жағдайға тап болған туристерге қызмет көрсететін «Қамқор» ұйымының басшысына хабарластық. Мәлім болғандай,  дәл осындай қиындыққа душар болғандардың саны одан да көп болып шықты. 

Асылхан Есілов, «туристік қамқор» корпоративтік қорының директоры: 

- Иә, бұл мәселені біз білеміз. Ресей өз шекарасын жапты. Ол мәселе қазіргі таңда бірнеше Қазақстан республикасының азаматтары қазіргі таңда Новосибирск,  Самара, Екатеринбург аэропорттарында қалып қойды, транзиттік аймақта. Қазір СІМ ол мәселені шешіп жатыр.

Асылхан Есіловтың айтуынша, ұйым көмегіне Египет, Гоа, Мальдив аралдарына демалуға кеткен 4 мыңнан астам қазақстандық жүгінген. Тек өткен тәулікте 905 азамат қайтарылған. Апта соңына дейін туристік код бекітілген әрбір адам елге оралады. Алайда ресейлік туроператорлар арқылы немесе өз бетімен шет асқан азаматтарды анықтау қиын. Сондықтан аталған азаматтар Қазақстан елшіліктеріне хабарласуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы