443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралға Германиядан ұшып келген 26 адам карантинге алынды

  • 86
  • UPD: 21:54, 19.03.2020
Оралға Германиядан ұшып келген 26 адам карантинге алынды

Таяуда Орал қаласына «Франкфурт-Орал» бағытындағы нөмірі 938-әуе рейсімен 26 адам ұшып келген. Олардың 17-сі экипаж мүшелері. Қалған 9 жолаушы Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазір олардың жағдайы толықтай мамандардың бақылауына алынды.

Гүлмира Қажушева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысы:

- Осы барлық 9 адам қазіргі таңда Германия еліне барып келгендіктен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлық дәрігерінің 25-қаулысына сәйкес бұл Германия елі 1А категориясына жататындықтан Германияға барып келген 9 адам олар 14 күнге карантинге жатқызылады. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, ауру белгілері жоқ.

Хабар 24 телеарнасы