412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда карантиннен қашып кеткен жігіт емдеу мекемесіне қайтарылды

  • 176
  • UPD: 22:48, 19.03.2020
Атырауда карантиннен қашып кеткен жігіт емдеу мекемесіне қайтарылды

Атырауда бір азамат карантиннен қашып кетті. 18 наурыз түні коронавирус індетіне байланысты ашылған госпитальден 22 жастағы қала тұрғыны екінші қабаттан секіріп, бой тасалаған.

Жас жігіт госпитальге Литвадан келген бойда ауруға күдікті ретінде оқшауландырылған еді. Қазіргі уақытта ол табылып, қайтадан емдеу орнына жеткізілді.  Госпитальде бақылау шарасы күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы