447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қымбатшылыққа қатысты шағым қабылдайтын сенім телефоны іске қосылды

  • 94
  • UPD: 22:15, 19.03.2020

Алматы қаласындағы ірі 11 магистральмен өткен бейсенбіде 46 мың 358 автокөлік жүрген болса, осы бейсенбіде 28 мың 150 көлік өткен. Демек, көлік қозғалысы 18 мың 200-ге азайған. Ал қалада вирус жұқтырғандардың саны 19 адамға жетті. Қазір індет ошақтары оқшауланып, ауру тарап кетпеуі үшін тиісті шаралар жасалуда.

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 19 адамға жетті. Науқас 12 наурызда Краснодар-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Ешқандай санатқа кірмейтіндіктен ресейлік азамат карантинге алынбаған. Алайда ол бұған дейін инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған екен. 17 наурызда карантинге жатқызылған оның сараптама қорытындысынан ауру белгісі анықталған. Қазір коронавируспен ауруханаға түскендердің барлығы тиісті ем алып жатыр. 

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі:

- Бір адамда өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуына байланысты орта-ауыр дәрежеде. Ал қалғандары қанағаттанарлық жағдайда. Бүгінгі күні бірінші наурыздан бастап 4 провизорлық госпитальда карантинде 608 азамат, үй карантинінде 730 адам бар. Карантиндегі барлық адамдардың дене қызуы қалыпты дәрежеде, катаралдық құбылыстар жоқ. 

Ал өткен түні қаладағы «Сұңқар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары 15 күнге карантинге алынды. Себебі тұрғындардың бірінен коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас аураханаға жатқызылып, онымен байланыста болғандар оқшауланды. Індет ошағында қалған азаматтардың жұмыс орны сақталып, уақытша емделу демалысына жіберіледі. Карантин жарияланғалы бері қаланың кіреберістердегі блок-бекеттер де тиісті талаптарға сай жұмыс істеуде. Тәртіп күшейтілген. Дегенмен, бекеттерде қалаға кіргісі келетін азаматтардың легі күні бойы азайған жоқ. Блок-бекеттерден адамдарды өткізу тек 22 аурызға дейін жалғасады. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:

- 22 наурыздан кейін жалпы Алматыға келіп үлгермеген де азаматтарға жол жоқ, кетіп үлгермеген де азаматтарға жол жоқ. Бұл шаралардың барлығын 22-се дейін бітіру керек. 72 сағатты қосымша сол үшін де берді. 

Тілші: Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бағытталды. Ал алматылықтардың қайырымдылық есебіне ҚР Тұңғыш Президентінің Қорынан 100 миллион теңге түсті. Бұл қаражат қауіпке қарамастан індетпен күресіп жүрген азаматтарға сыйақы ретінде беріледі. 

Рахман Алшанов, қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

- Елбасының қорынан 100 миллион теңге келіп түсті. Негізгі мақсат коронавирусқа байланысты, карантинге байланысты көмек көрсету. Бірнішіден, сыйлық ретінде карандинде күресіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, тағы басқа адамдарға осы премя беру, екіншіден, азық-түлік беру, зейнеткерлерге, қажеттілерге, тағы басқа категорияларға. 

Ауру тарап кетпеуі үшін қалада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Аялдамалар мен отырғыштар, вокзал маңы мен балалар алаңқайлары мұқият тазалануда. 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ: +77272416719; +77789093333 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ: +77029997209; +77017842254 

Сондай-ақ Алматыда сенім телефондары іске қосылды. Осы номерлер арқылы тұрғындар азық-түлік өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің, медициналық маскалардың қымбаттауына шағымдана алады. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы