445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте азық-түлік бағасы тұрақты

  • 84
  • UPD: 22:27, 19.03.2020

Шымкент қаласында сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Барлық жауапты сала басшыларынан жедел штаб құрылып, оны қала әкімі Мұрат Әйтенов басқарады. Шаһарда тапшылық болмас үшін бетперде шығаратын мекемелерге олардың санын арттырып, бағаның шарықтауына жол берілмеуі ескертілген. Қазір штаб мүшелері базар мен сауда орындарындағы бағаны тұрақтандырып, қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарының  қалай жүріп жатқандығын тексерді.

Шымкентте халық тұтынатын азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді. Осы орайда қалалық «Nur Otan» партиясы  мен Қоғамдық кеңес мүшелері  шаһардағы бірнеше сауда орындарын аралады.  Азық-түлік бағаларының шарықтауынан қауіп жоқ. Себебі қорда халық тұтынатын негізгі әлеуметтік тауарлар жеткілікті дейді олар. Ал базарлармен сауда орталықтарында дeзинфекциялау жіті қолға алынған.

Гүлайым Күздеуова, сауда орталығының зертхана меңгерушісі:

- Сатушыларымызға және бізге келушілерден маска тағуды, өзінің жеке гигиенасын сақтауды қолғап, халат киюді санитарлық талапты сақтауды талап етіп жатырмыз.

Қазір отандық кәсіпорындарға қолдау қажет. Осыны ескерген қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы ірі тоқыма фабрикасының жұмысы мен танысты. Бұл өндіріс орны сырттан келетін шикізатқа тәуелді емес.  Өз өнімі өзін толық қамтамасыз етуге жетеді. Айына 500 тонна мақтаны өңдейтін фабрикада 1,5 миллион метр мата тоқылады.  Әрі жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді. Мұнда 700-ден астам жұмысшы еңбек етеді.

Сондай-ақ қалада жаңа клиника ашылды. Заманауи жабдықталған бұл мекеме 300 адамға лайықталған.  Медицицналық мекемеде қызуы көтеріліп, мазасы қашқан жұртпен бірге жағдайы төмен отбасыларға да көмек көрсетілетін болады. Қалада қазір жеке инвестор есебінен алдағы уақытта  9 емхана бой көтермек.

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Осы салаға инвесторлардың келіп, өздері емхана салып халыққа қызмет көрсетіп қызметтің сапасына көтеруге мүмкіншілік бар. 9 инвестор келді қалаға. Емханалар салу жөнінде. Шетінен өздерінің жұмыстарын бастап келеді. Бұл екінші емхана. Бірінші емхананы Атамекенде аштық. 

Дәл осы клиниканың ашылуына себепкер болған шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов коронавирустың алдын алып, індетпен күресу үшін өз қаражатынан  20 миллион теңге бөлген. Жомарттықпен көзге түскен азаматқа қала әкімдігі де өз алғысын білдірді.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы