419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан базарларында дезинфекция жүргізіліп жатыр

  • 681
  • UPD: 23:17, 19.03.2020
Түркістан базарларында дезинфекция жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласында сауда орындары мен базарлар дезинфекцияланып жатыр. Зарарсыздандыру жұмыстары кешкісін, адам қарасы басылып, базар іші босаған кезде іске асырылуда.

Себебі, «улы дезинфекциялық ертінділерден ешкім зиян шекпеуі керек» дейді облыстық дезинфекция орталығының мамандары. Базарлар адам көп жиналатын қоғамдық орын болғандықтан мұндағы тазалық пен санитарлық талаптар күшейтілген. Әрбір сауда сөресінен бастап, қойма, әжетхана, көлік тұрақтары сияқты барлық алаңдарға арнайы құралдардың көмегімен дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда орындарының аралығындағы жолдарға арнайы сұйықтықтар мен дәрілер себіліп жатыр. Мамандар қала тұрғындары мен саудагерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік пен тазалық сақтауға шақырды. Аталған жұмыстар күн сайын тұрақты түрде жүргізіледі.

Марат Байтүгелов, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Сонымен қатар қала тұрғындарын адам көп шоғырланатын қоғамдық көліктерде жиі болмауды, жеке бас гигиенасын сақтап, қолды сабынмен жуып, өз денсаулығына неқұрайды қарамай, салауатты өмір салтын ұстануды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы