405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы қан орталығында донорлар азайған

  • 198
  • UPD: 09:57, 20.03.2020
Елордадағы қан орталығында донорлар азайған

Карантин жарияланғалы елордадағы қан орталығына баратын донорлар азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні бүгінге дейін орталыққа 100 адамнан келсе, соңғы уақытта олардың саны екі есеге кеміген. Бұған жоғары оқу орындарында сабақтың болмауы себеп. Студенттер жоқ. Осы кезге дейін қан тапсырып келген полиция мен әскерилер де күшейтілген жұмыс режиміне көшкелі, қызметтен босай бермейді. Адамдардың дені үйінен шықпайды. Сайып келгенде донорлардың саны кеміді.

Жарас Бибеков, трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі:

- Халық арасында коронавирусқа байланысты қорқыныш болуы мүмкін. Бірақ біздің айтарымыз, біздің қан орталығында профилактикалық және алдын алу жұмыстары жоғары деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы