414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында балалардың балабақшаға бару көрсеткіші 33% төмендеген

  • 216
  • UPD: 09:58, 20.03.2020
Алматы облысында балалардың балабақшаға бару көрсеткіші 33% төмендеген

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында балалардың балабақшаға бару көрсеткіші 33 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мектеп оқушыларының демалысқа шығуына байланысты туындаған жағдай. Үйде қарайтын адам болғандықтан, ата-аналар қауіпсіздік мақсатында бүлдіршіндерді балабақшаға әкелгілері келмейді. Сондықтан дәл қазіргідей жағдайда үйінде отырған балалардың балабақшадағы орны сақталады. Әйтпесе өңірдегі мектепке дейінгі мекемелердің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр дейді облыстық білім басқармасының басшылары. Ал колледждердің барлығы қашықтан оқыту жүйесіне ауыстырылған. Жатақханаларда қазір 30 студент тұрып жатыр. Олардың барлығы – жетім балалар.

Жаңыл Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Мектептерді айтсақ, мектептеріміз 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулға шықты. Балаларымыз қазір демалып жатыр. Енді бұл созыла ма, жоқ па, оны әлі айта алмаймыз. Себебі министрліктен бүгінгі күнге хат немесе бұйрық алып отырған жоқпыз. Ондай мәселе болса, біздің мұғалімдер дайын.

Хабар 24 телеарнасы