412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы тігін фабрикасы бетперде тігуді қолға алды

  • 378
  • UPD: 09:58, 20.03.2020
Оралдағы тігін фабрикасы бетперде тігуді қолға алды

Оралдағы жекеменшік тігін фабрикасы бетперде тігуді қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 шақты адам еңбек ететін шағын ұжымда күніне 1700 дана бетперде дайындалады. Небәрі 4 күннің ішінде мұнда бірнеше рет пайдалануға болатын 6 мыңнан аса маска жасалған. Қазір кәсіпорын коммуналдық мекемелер мен полиция департаментінің тапсырысы бойынша жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, елімізде қалыптасқан жағдайларға байланысты аймақта аталған бұйымға деген тапшылық байқалған еді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бұл іске өңірдегі 7 бірдей кәсіпорын жұмылдырылмақ.

Хабар 24 телеарнасы