447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі автобекеттер 3 сағат сайын дезинфекциялануда

  • 81
  • UPD: 10:58, 20.03.2020
Өскемендегі автобекеттер 3 сағат сайын дезинфекциялануда

Жолаушы тасымалымен айналысатын өскемендік компаниялар да санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейтті.

Мәселен, облыс орталығындағы «Adal» автобекетіне осыған дейін күн сайын, 32 бағытта автобус қатынап, 2-3 мың адамға қызмет көрсетілетін. Алайда инфекциялық ахуалға орай қазір бұл көрсеткіш азайды. Сәйкесінше, жолаушылар саны да 80 пайызға кеміді. Дегенмен қоғамдық орында дезинфекция жасау жиіледі. Әрбір 3 сағат сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл – облыс ішінде ары-бері қатынайтын жолаушылар мен автобекет қызметкерлері үшін ең басты профилактикалық жұмыстар. Бұған қоса бекет басшылығы тепловизорға тапсырыс берген.

Автобекет директоры Алмас Бейсенғазин:

– Автобус бағытқа кетерінде залалсызданыру бір рет өткізіледі, сосын келгенде жасалынады. Қазір автобекетте залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Автобусты автопарктен шыққан кезде хлормен жуған, осы жерге келгеннен соң залалсыздандырудан өткізіп жатыр. Залалсыздандыруға біз арнайы сертификаты бар мекеме шақырдық, соның қызметкерлері жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы