413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шекара қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

  • 187
Маңғыстау облысында шекара қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

Маңғыстау облысымен шектесетін бес мемлекетпен арадағы шекара қауіпсіздігін бақылау күшейтілген режимге көшірілді.

Теңіз шекара флоты мен құрлықтағы әскери кемелер және көліктерді тексеру жұмыстарын маска мен қорғаныш костюмдерді киіп атқаруда. Төтенше жағдай кезінде жергілікті құзырлы мекемелер де жұмыс тәртібін өзгерткен. Мәселен, прокуратура органдары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл ретте прокурор блогына жазбаша арыз түсіруге немесе телефон арқылы кеңес алуға болады. Вирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін киім-кешек пен құрылыс материалдары сатылатын базарларда санитарлық-дизенфекциялау шаралары жасалуда. Жауапты мамандар күн сайын мониторинг жүргізіп, осы тәртіптің бұзылмауын бақылап отыр.

Әсет Өтеғалиев, кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы:

– Бүгінгі күні Ақтау қаласында 14 базар тіркелген. 16 наурыздан бастап регламент жасақтаған болатынбыз. Ол бойынша Ақтау қаласының базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады. Өзінің жұмыс орнында дизенфекция жұмыстары жүргізіп тұруы керек. Хлормен сүртіп, еденін жуып және де бұл шектеулер азық-түлік тауарларын сататын супермаркеттерге, базарларға тиісті емес. Ол базарлардың сатушыларымен тек тағам бағаларын көтермеу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы