430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға келетін азаматтар міндетті түрде құжаттарын алып жүруі керек – ПД

  • 278
  • UPD: 11:33, 20.03.2020
Елордаға келетін азаматтар міндетті түрде құжаттарын алып жүруі керек – ПД

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті 22 наурыз сағат 00:00-ден бастап елордаға кіретін және шығатын жолдардың жабық болатынын ескертеді.

«Көлік кептелісі мен кезектерді болдырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарының алдын ала тиісті шараларды қабылдауына кеңес береміз. Блок бекеттегі полиция қызметкерлеріне көрсету үшін өздеріңізбен бірге мінетті түрде жеке куәліктеріңізді және басқа да құжаттарыңызды алып жүруді ұсынамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Рысбаев онлайн брифингте.

Айта кетсек, елорда маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер, Қоянды кенттерін қоса алғанда барлық бағытта 7 бекет қойылды.

Айдос Рысбаев қаладағы карантиннің бірінші күні тыныш қалыпта өткенін айтып өтті.

Елордаға 22 наурызға дейін әуе және теміржол қатынасы арқылы кіруге және шығуға болады

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Карантин кезінде қай елді мекендердің тұрғындары елордаға қатынай алады

Елордада қала маңына қатынайтын автобустар қалай жүреді

Хабар 24 телеарнасы