443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға азық-түлік жеткізуде мәселе туындамайды

  • 90
  • UPD: 13:52, 20.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылғанымен, елордаға азық-түлік жеткізуде мәселе туындамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бас шаһарға жақын орналасқан аймақтар «Жасыл дәліз» жобасының аясында күнделікті тұтынатын азықтарды үздіксіз жеткізіп отырмақ. Дегенмен оның да өз тәртібі бар.

Ақмола облысы – елорданы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі. Өңір шаруалары астаналықтар тұтынатын ет пен сүттің 30 проценттен астамын, ал картоп пен жұмыртқаның 90 процентін жеткізіп келеді. Бұл іске аймақтың барлық ауданы атсалысуда. Бірақ төтенше жағдай уақытында, карантиннің кезінде қандай өзгерістер болмақ. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің негізгі тұтынушысы Нұр-Сұлтан қаласы екені белгілі.

Хабар 24 телеарнасы