419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 62 тонна қауіпті қияр жойылды

  • 1098
  • UPD: 11:43, 20.03.2020
Шымкентте 62 тонна қауіпті қияр жойылды

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды.

ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды.

Ақпарат көзі: ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы