447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысы сот отырыстары онлайн түрде өтеді

  • 99
Қарағанды облысы сот отырыстары онлайн түрде өтеді

Қарағанды облысындағы сот отырыстары енді виртуалды жағдайда өтеді.

Яғни сот залында тек судья мен хатшы ғана отырады. Ал жәбірленуші тарап пен айыпталушы жақ және құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа тікелей байланыс арқылы қатысады. «Ол үшін қолында ұялы телефоны болса жеткілікті. Бұл – әлемді жайлаған жұқпалы індетке қарсы амалдардың бірі», – дейді сот өкілдері. Айталық, бүгін Шахтинск қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сот жол апатына қатысты істі қашықтан өткізді. Тараптар барлық сұрақтарға онлайн режимінде жауап берді.

Жамбыл Кәрімбаев, Шахтинск қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сот төрағасы:

– Жаңа технологияның арқасында сот төрелігінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Екіншіден, қағазбастылық азайып, іс жылдам қаралады. Ең бастысы, сот процесіне қатысушылардың қарым-қатынасына шектеу қойылады. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде бұл аса маңызды.

Хабар 24 телеарнасы