448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Шетте жүрген 1285 қазақстандық елге оралғысы келеді

  • 115
  • UPD: 18:34, 20.03.2020
ҚР СІМ: Шетте жүрген 1285 қазақстандық елге оралғысы келеді

Әлемнің 23 елінде жүрген 1285 қазақстандық елге оралуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«COVID-19 коронавирус індетінің өршуіне байланысты СІМ-де дағдарыстық штаб іске қосылды, ол ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде құрылған барлық жедел штабтардың жұмысын үйлестіреді. Қазір әлемнің 73 елінде 295 мыңға жуық қазақстандық бар», – деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, шетелдегі Қазақстан азаматтарының тізімі сағат сайын түзіліп отырады. Қазақстан елшіліктерінде жұмыс істеп тұрған штабтар азаматтарға Отанға оралудың мүмкіндіктері туралы қажетті нұсқаулықтар мен ақпаратты беруде.

«Шетелдегі біздің азаматтарымыздың көп бөлігі, солардың ішінде тұрақты тұруға, жұмыс, оқу және басқа мақсатта шет мемлекеттерде тұратын азаматтарымыз, әсіресе жағдайы тұрақты елдерде тұратындар, қайтып оралуға ниет білдірмейді. Олардың арасында дүрлігу мен үрей жоқ. Олар орналасқан елдің ұсыныстары мен ережелерін басшылыққа алады, карантин режимін және үйде оқшаулауды сақтайды. Қазір таңда азаматтарымыздың үйлеріне оралуы – СІМ жұмысының негізгі басымдығы. Бүгінде шет елдердегі қазақстандық туристерді есептемегенде, әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдіруде. Туристерді шығарумен қазір Мәдениет және спорт министрлігі айналысып жатыр», – деді ресми өкіл.

Хабар 24 телеарнасы