447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


22 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларымен темір жол қатынасы тоқтайды

  • 139
  • UPD: 17:58, 20.03.2020
22 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларымен темір жол қатынасы тоқтайды

Карантинге жабылған Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен елдің өзге өңірлері арасындағы темір жол қатынасы 22 наурыздан бастап шектеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде бұл бағыттарға билет сатылымы тоқтатылды. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы өкілдерінің айтуынша, елорда мен Алматыдан транзит арқылы өтетін 7 пойыз кедергісіз жүре береді. Бірақ олар бұл қалалардың вокзалына тоқтамайды. Тасымалдаушы компания каринтин жарияланғанға дейін билет алған адамдардың қаржысын қайтаруды жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін 60%-і өтелген.

Бейбіт Қойшығұлов, тасымалдаушы компанияның департамент директоры:

- Алматыға және Нұр-Сұлтанға кіретін пойыздардың барлығын қысқартып жатырмыз. Мысалы, бізде Алматы пойыздарын Шуға дейін, Отарға дейін қысқартып жатырмыз. Маңғышылақ, Атырау пойыздарын Бурабай станциясына және Атбасар станцияларына дейін қысқартып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы