413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы жұмыс орындарын қысқартпауды тапсырды

  • 325
  • UPD: 19:43, 20.03.2020
Үкімет басшысы жұмыс орындарын қысқартпауды тапсырды

Жұмыс орындары сақталуы тиіс.

Премьер-министр Асқар Мамин Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында әкімдерге осыны тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өңір басшылары ірі кәсіпорын шағын және орта бизнес жетекшілерімен бірлесіп, нақты шараларды қабылдауы тиіс. Жол картасын әзірлеу қажет. Кәсіпкерлер үшін несие көлемін ұлғайтқан жөн. Біздің басты мақсатымыз – жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау. Экспорттық позицияларды сақтап қалу», - деді Үкімет басшысы. Сосын жұмыссыздықтың артуына жол берілмеуі керек. Бұл ретте өндірістерді тиімді басқару маңызды. Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірігіп, адамдардың жұмыстан қысқартылуына жол бермеуге міндетті. Бұл орайда күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Өздеріңіз білетіндей, Елбасы бүгін Қазақстан халқына үндеуін жариялады. «Ең бірінші жұмыс орындарын сақтау қалу керек. Компаниялар жұмысшыларын қысқартпай, осындай кезде қамқорлық танытуы керек», деді Нұсұлтан Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы