447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда Египеттен ұшып келген туристер бақылауға алынды

  • 91
  • UPD: 20:42, 20.03.2020
Қостанайда Египеттен ұшып келген туристер бақылауға алынды

Бүгін Қостанайға Шарм-Аль-Шейхтен ұшып келген жолаушылар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар «бортта болғандардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», дейді. Жалпы ұшақта 7 экипаж мүшесі мен 237 жолаушы болған. Жартысынан көбі, яғни 152-сі Ресей Федерациясының азаматтары. Біреуі Украина азаматы, қалғаны қазақстандықтар. Бұл рейсті әуежайдан полицейлер, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлері автобуспен күтіп алды. Жолаушылар арнайы тексерістен өтіп, кейін тұрғылықты жерлері бойынша жеткізілді. Олардың жағдайын дәрігерлер телефон арқылы ұдайы қадағалайтын болады

Сәуле Нұрпейісова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз хатшысы:

- Ресейліктер шекараға дейін жеткізілді. Оларды да көрші елдің біздікіндей мамандар тобы күтіп алды. Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар жоқ. Өңір бойынша 39 адам ауруханаға жатқызылды, карантинде – 24 адам бар. Провизорлық госпиталь Тобыл қаласында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы