445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында төрт медициналық бақылау бекеті жұмысын бастады

  • 93
  • UPD: 21:46, 20.03.2020

Қызылорда облысында да 4 бағыт бойынша республикалық маңызы бар тасжолдарға бақылау орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан келе жатқан және осы өңірлерге бет алған жолаушылар түгелдей медициналық тексерістен өткізіледі.

Аталған бекеттерде тәртіп сақшылары, Денсаулық сақтау басқармасы мен Санэпидқадағалау мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Келім-кетім көліктер түгелдей тоқтатылып, облыс аумағына аяқ басқан әрбір адам тепловизормен тексеріледі. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.

Бектөре Сұлтан, полиция департаментінің бастығы:

Елімізде коронавирус инфекциясы пандемиясының жариялануына байланысты, ҚР Ішкі істер министрінің №222 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылды. Бүгіннен бастап «Қызылорда – Павлодар» 13 шақырымында және «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» Жаңақорған ауданы аумағында республикалық маңызы бар тасжолдарына бақылау орнатылды.

Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары:

- Екі бағыт бар, Жаңақорған – Балтакөл бағыты сол жерге қойылады. 4-сі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі Ақтөбе облысымен шекарада. Бұл осы келіп жатқан азаматтардың алдағы уақытта хал-ахуалын бақылап отыру үшін қажетті деп санаймыз.

Тұрғындармен тікелей байланысқа түсетін тәртіп сақшыларының жеке басын қорғап, гигиенасын сақтауға ерекше мән беріліп отыр. Осы ретте облыстық полиция департаментіне қарасты барлық ғимараттар, қалалық және аудандық бөліністер, жертөлелер дезинфекциялық тазалаудан өткізілді. Антисептикалық құрал-жабдықтармен үздіксіз қамтылған. Сонымен қатар қызметтік автокөліктер де ұдайы зарарсыздандырылып жатыр. Жауынгерлік даярлық сабақтарында коронавирустан сақтану шаралары түсіндіріліп, жадынамалар таратылады.

Сейітмұрат Туляпов, ПД тылмен қамту басқармасының бастығы:

-Сонымен қатар халықтың назарына, азаматтарды қабылдау жұмыстары қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында уақытша тоқтатылып, арыз-шағымдар қағаз жүзінде қабылдануда. Және белгіленген тәртіпте қаралуда. Осы бағыттағы жұмыстар ерекше өкімге дейін жалғасын табатын болады.

Қамбар Бекенов, тілші:

-Ағымдағы жылдың 7 наурызынан бері облыс аумағына шетелден 16 адам келген. Оның біреуі Сербия азаматы, қалғаны қазақстандықтар. Барлығы медициналық бақылауда. Өңірде коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамбет Бәйділдаев

 

 

Хабар 24 телеарнасы