445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы шипажайлардың жұмысы уақытша тоқтатылады

  • 92
  • UPD: 21:36, 20.03.2020
Ақмола облысындағы шипажайлардың жұмысы уақытша тоқтатылады

Ақмола облысындағы шипажайлар мен демалыс орындарының да жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін аймақтың Бас санитарлық дәрігері осындай шешім шығарды.

«Қазір жолдамасының уақыты толық бітпеген немесе тынығуға енді баратын азаматтардың қаражатын қайтару жағы қарастырылып жатыр», - дейді мамандар. 26 наурыздан бастап облыстағы барлық балабақшалар мен шағын орталықтар да жұмыс істемейді. Қазірдің өзінде мектепке дейінгі мекемелерге бүлдіршіндердің небәрі 20%-і барып жүрген көрінеді. Жалпы аймақта соңғы күндері арнайы қаулыға сәйкес қоғамдық орындардың көбі жабылып жатыр. Мәселен, бүгіннен бастап жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асатын ірі сауда үйлерінің қызметі тоқтады. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс істеуіне рұқсат бар. Ал, тамақтану орындарына 50 адамнан артық жиналмауы тиіс.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Ғимаратының аумағы 2 мың шаршы метрден аз сауда орындары жұмыс істей береді. Бірақ күшейтілген санитарлық талаптарды қатаң сақтаулары қажет. Атап айтсақ, азық-түлік дүкендері өнімдердің барлығын қаптамаға салып сатулары тиіс. Ал, басқа сауда орындары белгіленген уақыттарда дезинфекциялық шараларды жасау керек.

Хабар 24 телеарнасы