447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египеттен Қостанайға ұшып келген туристер үйлеріне жіберілді

  • 192
  • UPD: 22:43, 20.03.2020
Египеттен Қостанайға ұшып келген туристер үйлеріне жіберілді

Бүгін Египеттен Қостанайға ұшып келген туристер үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің айтуынша, олардың арасында коронавирусқа шалдыққандар жоқ. Алдағы екі аптада рейстегі барлық жолаушылар медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұл шара әр адамның тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетсек, Шарм-Эль-Шейхтегі ұшақ бортында 7 экипаж мүшесі және 237 жолаушы болған. Жартысынан көбі, яғни 152-сі Ресей Федерациясының азаматтары. Біреуі – Украина, қалғаны – қазақстандықтар. Мысырлық рейсті әуежайдан полицейлер, эпидемиологтар және жедел жәрдем мамандары автобуспен күтіп алды.

Сәуле Нұрпейісова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бд баспасөз хатшысы:

Ұшақ Египеттен келіп қонды. Бұл мемлекет әлемде коронавирустың тіркелу дерегі аз елдер санатына жатады. Дәрігерлер ұшақты түгелдей тексеріп шығып, жолаушылардың дене температурасын өлшеді. Бәрінің жағдайлары қанағаттанарлық. Олар тұрғылықты жерлері бойынша жіберілді. Енді екі апта бойы үйлерінде медицина мамандарының қарауында болады. Ал Ресей Федерациясының азаматтарын шекараға дейін жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы