405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кесірлі вируске қарсы сақтық шаралары күшейтіліп жатыр

  • 286
  • UPD: 13:03, 21.03.2020

Атырауда жұқпалы дертке қарсы сақтық шаралары күшейтілуде. Атқарушы билік өкілдері адам көп шоғырланатын орындардағы санитарлық жағдайды бақылауға алды. Тазалыққа жауапты арнайы автобаза, пәтер иелері коопертивтері өздеріне бекітілген аумақтарда дезинфикциялық шараларды тұрақты атқаруда. Әрбір аула, әрбір үй аптасына үш мәрте мұқият химиялық зарарсыздандырудан өткізіледі. Сондай-ақ кешенді сақтық шаралары еліміздің батыс шекарасында да қолға алынған. 

Әсіресе транзиттік жүк көліктеріне талап қатайды. Егер тауар тасымалдаушының халықаралық құжаты болмаса елге кіргізілмейді. Әзірге талапты бұзғандар  тіркелген жоқ. Өңірдегі 3 шекара бақылау бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Шекарада фитосанитария және ветеринария қызметтері бірлесіп елімізге батыс шекара арқылы кіретін азық-түлік түрлерін де тексеруді күшейтті. Бірақ шекара ашық. Құжаты толық, халықаралық стандарттарға сай тағамға тоқтау жоқ. 

Асқар Болатов, 2016 әскери бөлімі командирінің орынбасары: 

- Шетел азаматары мен Қазақстан азаматтарына шектеу қойылды. Шекарадан өтуге болмайды. Бірақ келесі айтылған азаматтарға шектеу қойылған жоқ. Ол дегеніміз Қазақстан азаматтары шетелден қайтып келе жатқан жағдайда Қазақстанға кіргізе береміз. Шетел азаматтарын өз елдеріне  қайтып бара жатқан кезде Қазақстаннан шығара береміз. Жеке куәлікпен келгендерді шекарадан кіргізбейміз.

Облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің аулалары мен кіреберсітерінде аптасына үш мәрте химиялық зарарсыздандыру шарасы жүргізіледі. Ойын алаңдарында бала саны аз болғанымен бұл орындарда тазалықшылардың назарында. Қажетті химиялық ертінділер мен қорғаныш құралдары коопертив есебінен сатылып алынған. Дегенмен, тұрғындар да өздері тұратын жерге жауапкершілікпен қарауы тиіс дейді, қала басшылығы. 

Қайрат Хабиев,  қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

- Қала бойынша 81 кондоминум обьектісін басқару орыны бар. Олар 861 үйге қызмет көрсетеді. Сол үйлердің барлығында да осы жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес ортақ мүлік болуына байланысты тұрғындардан да ортақ мүлікті күтіп ұстауға шақырамыз.

Сауда орталықтары мен қала базарларында волонтерлер қорғаныш бетпередсін тегін тарата бастады. Жастардың бастмасына жергіліті тігін цехтары мен ательелер. қоғамдық қорлар да үн қосуда. Олар бір күнде 300 дана бетперде таратты. Жұмыс алға басса, медициналық қорғаныш құралын сатуға шығару да ойда бар. Түскен қаражат қажетті материалдар сатып алуға жұмсалатын болады.

Фархад Тілеков, волонтер:

- 10 процентін жаңағы әлеуметтік осал топтарға сонымен қатар өте мұқтаж жандарға тегін беріп жатырмыз. Бүгін бастадық бұйырытса, енді халықтың сұранысына қарай жалғастыра беретін боламыз.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Күні бүгін мұнайлы өңірде коронавирус дертін жұқтырғандар тіркелген жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, індет жайлаған елдерден келген 33 адам карантинде жатыр екен. Олар әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Науқастарды оқшаулау мақсатында облыста 100 орындық госпиталь жұмыс істеп тұр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы