411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі

  • 806
Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі

Күн мен түн теңелетін, тіршілік атаулы шаттыққа кенелетін Наурыз есте жоқ ықылым заманнан бері үзілмей жалғасып келе жатқан жаңа жылымыз.

Төл мерекеміз. Оның тамыры тым тереңде. Наурыз үш мың жылдан бері салтанатты түрде Балқаннан Орталық Азияға дейінгі ауқымды өңірде тойланып келеді. Бұл мейрамды атап өту дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Ұлыстың Ұлы күні - Әз-Наурыздың халқымызбен қайта қауышқанына, елімізде кеңінен тойлана бастағанына міне отыз жылдан асты. Бірақ биыл жұмыр жерді алаңдатқан коронавирустың салдарынан бірқатар мемлекетте бұл мереке тойланбайды. Оның ішінде бізде де. Елде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты көптеген шаралар тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы