435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда волонтерлер дәке бетпердені тегін таратуда

  • 116
  • UPD: 11:43, 21.03.2020
Ақтауда волонтерлер дәке бетпердені тегін таратуда

Ақтауда дәкеден жасалған бетперделер тегін таратылуда. Жастар қозғалысының мүшелері қорғаныш заттарды өздері тігіп, алғашқылардың бірі болып игі істі бастап кетті.

Бетперде тігуге қажетті дәке, резеңке, ине-жіп пен тігін машинасымен аймақтың белгілі кәсіпкерлері қамтып отыр. Волонтерлар тобы күніне 150 бетперде тігуде. Олар қолдан жасаған бұйымдарын арнайы конвертке орап, полиэтилен қапшыққа салып, таратуда. «Барлығы талапқа сай болуы тиіс», дейді волонтерлар. Бұл бетперделерді әр 3-4 сағат сайын жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Белсенді жастар 4 күннің ішінде 400 бетпердені тегін таратқан. 

Нұрбек Шүкірбаев,  қала әкімдігінің қоғамдық даму орталығының маманы:

- Қазақ атамыз айтады ғой, біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос, деп. Сол секілді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, баршамыз осы коронавирус атты ауруға төтеп береміз деген ойдамыз. Сол үшін барша қазақ жұртын осынау қиын-қыстау уақытта сабырлы болуға шақырамыз. 

Нұргүл Балбекова, қала тұрғыны:

- Қазір бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Қандай қиындық болса да, төтенше жағдай болса да бір болуымыз керек. Біз қастерлейтін ынтымақ пен береке қазір ауадай қажет бізге. Мына жастардың әрекетін көріп, сүйсініп әрі қуанып қалдым. Игі істі бәріміз жалғастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы