445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының аумағына 4 медициналық бақылау бекеті қойылды

  • 117
  • UPD: 12:37, 21.03.2020

Сыр өңірінде аймақаралық күрежолдар бойында 4 блок бекет қойылды. Облыс шекарасында полицейлер мен медицина мамандары азаматтарды бақылауды күшейтті. Ал дəл қазірге облыстағы ахуал қалай?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші

 - Мынадай медициналық бақылау бекеттері Жезқазған, Түркістан, Ақтөбе жəне Жаңақорған-Балтакөл бағытындағы автожол бойында жұмыс істеп тұр.

Облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, өңірімізге басқа аймақтардан келетін азаматтардың жағдайын тексеруде. Алдағы уақытта бақылауды жалғастыру үшін олардың жеке басына қатысты мәліметтер жинақталады.

- Облыс бойынша қазіргі ахаул қалай. Карантинде неше адам жатыр?

Коронавируспен күрес шаралары қарқынды жүруде. Қоғамдық орындарда, автобустар мен бірқатар мекемеде дезинфекциялау жұмыстары жүруде. Əкімдік өкілдері мен полицейлер күнделікті рейдттер ұйымдастырып жатыр. Жалпы алғанда аймақтағы ахуал бірқалыпты деуге болады. Əзірге бар ақпарат осы. Диктор сөз кезегі өзіңізде.

Хабар 24 телеарнасы