435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе әуежайы тек ішкі рейстерді қабылдайды

  • 104
  • UPD: 14:56, 21.03.2020
Ақтөбе әуежайы тек ішкі рейстерді қабылдайды

Ақтөбе халықаралық әуежайы  шетелден келген соңғы жолаушылар ұшағын қабылдады. Енді әуе көлігі айлағы тек ішкі рейстер үшін ғана ашық. Және кесте бойынша 23 наурыз күніне жоспарланған Ақтөбе-Мәскеу рейсі қалды.

Соңғы бортпен Египет еліне саяхаттап барған туристтер оралды. 204 жолаушының арасында Ресей Федерациясының азаматы 39 да бар. Олар ұшақтан түсе сала автокөлікке отырғызылып, еліне қайтады. Сондай ақ өңірдегі халықаралық бағытта жолға шығатын автобустардың қызметі де уақытша доғарылған. Бұл шектеулердің жүк тасымалына қатысы жоқ екендігін айта кеткен жөн. Көліктің кез келген түрі тиісті санитарлық тексерулерден кейін қозғалысын еркін жалғастыра алады. 

Мәлімбет Ибрашев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Транзиттік пойыздардың жүруі тоқтатылып жатыр. Ақтөбе-Нұр-Сұлтанға, Ақтөбе-Алматыға өздеріңіз білесіз 19 наурыздан бастап жарияланды. Пойыздар тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы