447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 4 айлық сәби бар

  • 147
  • UPD: 15:16, 21.03.2020
Елордада коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 4 айлық сәби бар

Бас қаладағы стационарларда барлығы 645 адам жатыр. Оның 62-сі бала. Нұр-Сұлтанда инфекция анықталған 28 адамның біреуі төрт айлық сәби. Екіншісі 14-тегі жасөспірім. Барлығының жағдайы тұрақты. Дене кызуы қалыпты.

6 науқаста жөтел түріндегі клиникалық белгілер байқалады. Ал, соңғы анықталған 3 науқаспен жақын байланыста болған адамдар стационарға жатқызылған. Кейбірі үй карантинінде. Бас шаһардағы ірі қонақ үй уақытша ауруханаға айналады. Ол жерде 800 төсек болмақ. Қазір бес жүзі дайын. Алайда мекеме әзірге жиһаз, дезинфекциялау құралдарымен жабдықталмаған.  

Сәуле Кисикова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адамда короновирус инфекциясы анықталды.  2 адам 18 жасқа дейін (4 айлық нәресте, 14 жастағы жасөспірім) 3 науқас 18-29 жас аралығында. 18 адам 30 бен 49 жас аралығында. 4 адам 50-59 жас шамасында. 1 науқас 60-69 жас аралығында.

Хабар 24 телеарнасы