447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық кәсіпкер коронавирусті анықтайтын тест алуға 5 млн теңге бөлді

  • 99
  • UPD: 15:44, 21.03.2020
Қарағандылық кәсіпкер коронавирусті анықтайтын тест алуға 5 млн теңге бөлді

Коронавирусқа қарсы сақтық шараларын күшейтуге Қарағанды кәсіпкерлері үн қосты. Белгілі меценат Ғабдолла Дүйсенбаев жедел-тест алу үшін 5 миллион теңге қаржы бөлген.

Жуырда қаражат тест облыс аумағындағы ауруханаларға жөнелтілетін болады. Ал өңірдегі шаруа қожалығы жетекшілері мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Айталық, арнайы штабқа 50 қап картоп пен азық-түлік салынған 103 себет жеткізілген. Волонтерлер оны сұрыптап, қарияларға, көпбалалы отбасыларына теңдей қылып үлестіріп берді. 

 Ержан Хамитов, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Қазір білесіздер, төтенше жағдай жарияланғаннан бері дәріханаларда және дүкендерде кезек созылып кетті. Ол кезекте ұзақ уақыт тұра алмайтын бізде көп балалы аналар, жалғызбасты қарттарымыз бар. Соларға көмектесу мақсатында қазір «Нұр Отан» партиясы жанынан волонтерлардың штабы құрылды. Ауылдарына кетпеген жастар, біздің волонтерларымыз белсенділік танытып, қазір көмек қолдарын созып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы