443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында коронавирусқа шалдыққан адам Қарасай ауданындағы ауруханада жатыр

  • 964
  • UPD: 16:03, 21.03.2020

Алматы облысында бір адамның короновирус жұқтырғаны анықталды. Осы мәселеге қатысты Талдықорған қаласында брифинг өтіп жатыр. Б

- Аталған жағдайға байланысты екіұдай ақпарат тарап жатыр.  Науқас Қарасай ауданында ма, Талдықорғанда ма? Қайсысы шындыққа жанасады?     

Шыңғыс Қалиден, тілші: 

- Науқас Талдықорған қаласында емес. Қарасай ауданында тіркеліп отыр. Қазір ол инфекциялық аурухананың оқшау орталығына жатқызылған. Тиісті ем дом шаралары қабылданып жатыр. Онымен қарым қатынаста болғандар анықталып, медициналық тексерістен өтуде.  Брифинг басталмас бұрын біз облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақпен сұхбаттасқанбыз.  Оның  айтуынша науқас 1986 жылғы ер адам. Ол 17 наурызда Біріккен Араб Әмірлігіне барған. Сол мемлекеттен Түркия арқылы Бішкекке келген екен. Көрші елден көлікпен Қарасай ауданына жетіпті. Елге келгеннен кейін ыстығы көтеріліп ауруханаға түскен. Қазір жағдайы тұрақты дейді.  Жалпы өңірде сақтық шаралары күшейтілген. 

Барлық аудандардағы әлеуметтік нысандар  қоғамдық орындар, залалсыздандырылуда.

Хабар 24 телеарнасы