448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың Есіл ауданын биыл су баспайды

  • 84
Елорданың Есіл ауданын биыл су баспайды

Елорданың Есіл ауданынан биыл 1,8 млн текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауданға қарасты Үркер ауылының тұрғыны Соня Қозбаева 6 жылдан бері көктемде төңіректі су алатынын айтады. Бірақ енді жағдай басқаша болады. Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновтің айтуынша, наурыздың соңына дейін жергілікті дамба нығайтылмақ. Нысан – 8 мың 400 метр. Жұмысты дер кезінде аяқтауға техника мен материалдар жеткілікті.

Берік Жәкенов, Есіл ауданының әкімі:

– Сырттан су келе ме деп күтудеміз. Сондықтан екінші сектордың өзінде 1200 метр бөгет бар. Негізі Үркер ауылы бойы 8400 метр бөгет бар. Соны құрастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Соня Козбаева, қала тұрғыны:

– Мен осы 2-сектордағы 328 учаскеде 2012 жылдан бері тұрамын. Үй салып алдық. 2014 жылдан су ала бастады. Содан бері осы су келеді. Әкімдікке хабарластық. Рақмет.

Хабар 24 телеарнасы