447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тауар жеткізуде кедергі болмайды

  • 68
  • UPD: 20:37, 21.03.2020

Төтенше жағдай кезінде дүкендердегі тауарлар тапшылығын болдырмас үшін азық-түлік және қажетті өнімдер тәулік бойы әкелінеді.

Шикізат тауарлары үшін шекарада «жасыл дәліз» енгізілді. Барлық құжат тәртіпке сай тексеріледі. Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев арнайы брифингте айтты.

Ерлан Бекмырзаев, қалалық инвестистициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

– Бақылау-өткізу бекеттерінде жүргізушінің құжаты мен оның денсаулығы тексеріледі. Сонымен қатар жүк машинаның келу және кету уақытын полиция қызметкерлері тіркейтін болады. Көлік қозғалысын қаладағы бейнекамералар арқылы онлайн режимде бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы