411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасы үндеуіне қолдау көрсетті

  • 456
  • UPD: 23:05, 21.03.2020

Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар арнайы ашылған қорға қомақты қаражат аударып жатыр. Сөзден гөрі іске жақын мұндай бизнес өкілдері сағат санап артып келеді.

Жүрегі жомарт, қолы ашық азаматтарға Елбасының үндеуі дем бергені анық. Іскер топ өкілдері қазақтың басына қандай жағдай түссе де, ауызбіршілік танытуға дайынбыз дейді. Себебі жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Серікжан Сейітжанов, кәсіпкер:

– Елбасының үндеуін қолдаймыз. Оған біріншіден тәртіп керек.

Садулла Қалыбеков, кәсіпкер:

– Қиын жағдай болды. Бұл жағдай бәрімізге де қатты батады. Осыған байланысты біздің корпорация 2 млн теңгедей қаржылай үлесімізді қосамыз.

Күні бүгінге дейін мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетіліп келді. «Үкімет жасаған қамқорлықтың арқасында кәсібін нықтап алған біз секілді бизнесмендер қиын тұста көпке көмек қолын созуымыз тиіс. Елбасының үндеуіне өзге де азаматтар қолдау білдіргені жөн дейді кәсіпкер Рәшкүл Оспаналиева.

Рәшкүл Оспанәлиева, кәсіпкер:

– Қазақтың басына нәубет түсетін болса, мен сыртта қалдым деуге болмайды. Әрбір қазақ, әрбір Қазақстанның азаматы 50 теңге болса да, үлесін қосуы керек. Сонда ғана ел боламыз. Біз жұмылып жұдырық болған кезде ғана кез келген ауыртпашылықты жеңеміз.

Еліміздің үшінші мегаполисіндегі отандық кәсіпкерлер жаһандық пандемияға айналған короновирус індетімен күресте аянып қалмайтындарын айтады. Ал кәсіпкер әрі қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов коронавирустың алдын алып, індетпен күресу үшін өз қаражатынан 20 миллион теңге бөлген. Қиын сәтте халықтың жанынан табылып, қол ұшын беру азаматтық парызымыз дейді ол.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы