447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық волонтерлер емханаларға көмектеседі

  • 79
Қостанайлық волонтерлер емханаларға көмектеседі

Қостанайда дәрігер жазған рецепт пен дәрі-дәрмекті науқастарға енді волонтерлер жеткізіп беретін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – емханаға келушілер қатарын азайтып, көпшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Облыс орталығында мамандар көмегін тұрақты пайдалатын төрт мыңнан астам адам бар. Олардың бәрі – түрлі созылмалы дертпен есепте тұрғандар. Сондықтан үнемі дәрігердің бақылауында болып, тиісті препараттарды қабылдап отыруы қажет. Волонтерлер қызметі қауіпті індетке қарсы сақтық шараларын сақтай отырып, осы қалыптасқан қағиданы бұзбауға мүмкіндік береді.

Лариса Боярская, қала тұрғыны:

– Емханаға барып, қауіпті індетті жұқтыру қорқынышынан құтқарғанына ризамыз. Көпшіліктің қауіпсіздігі үшін мемлекет тарапынан барлық іс-шара атқарылып жатыр деп есептеймін. Енді қатардағы азаматтар да осындай қысылтаяң сәтте жауапкершілікті сезіне білуі керек.

Хабар 24 телеарнасы