445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде халықаралық рейс жолаушылары бақылауға алынды

  • 65
  • UPD: 01:43, 22.03.2020

Ақтөбе әуежайына қонған халықаралық рейс жолаушылары дәрігерлердің бақылауына алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймаққа Мысыр мен Ресейден екі ұшақ ұшып келген. Шарм-Аль-Шейхтен 236 жолаушы оралған. 71-і Ресей, біреуі Армения азаматы, тағы екі украиналық бар. Көршілес мемлекет тұрғындары арнайы автобуспен бірден Орынборға жеткізілді. Ал ел азаматтарын дәрігерлер үйлеріне қайтарып, бақылауға алған. Мәскеуден келген ұшақтағы 64 жолаушының екеуі Германия мен Испания елдерінен келіпті. Қауіпті індет өршіп тұрған аймақтан жеткен ол екеуі бірден жұқпалы аурулар диспансеріне жатқызылды. Жалпы 6 қаңтардан бері облыс орталығына келген 20 мыңнан астам жолаушы санитарлық тексеруден өткізілді.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Олардың денсаулығы жақсы бірақ алгоритм бойынша олар 14 күн госпитальде болады. Анализдері алынды. Қазір олар жұмыста. Сонымен қатар бірінші «Б» категориядан 4 адам келді. Үш адам Чехиядан, бір адам Швейцариядан. Олар үй карантиніне жатқызылды, бақылауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы