426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО аумағындағы шекара бекеттері күндіз-түні бақылауда

  • 429
  • UPD: 08:00, 22.03.2020

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы 5 шекара бекетінде карантиндік пункт тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ресейдің Самара, Орынбор, Саратов қалалары мен Шаған және Жәнібектегі пункттер. Кедендік бекеттер стационарлық және жылжымалы жылу өлшегіш қондырғылармен, арнайы киімдерімен және өзге де қорғаныш құралдармен қамтылған. Әр шекара бекетінде медкабинеттер мен қызуы көтерілген сырқаттарды оқшаулауға арналған бөлмелер жабдықталды. Облыс аумағына келетін азаматтар мен автокөлік жүргізушілерінің жағдайы эпидемиолог мамандардың жіті бақылауында. Мәселен, тек «Сырым» өткізу бекеті арқылы қос тарапқа күніне мыңдаған көлік қатынайды. Ол көліктегі адамдардың бәрінің қызуы өлшеніп, егер ауру белгілері байқалған жағдайда бірден оқшауланады. Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты шекарада азық-түлік тауарларының экспортына да шектеу қойылып отыр. Өңір басшыларының айтуынша, бұл шара аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алынып отыр.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

- Бізде екі жаққа кем дегенде күніне 1 мыңдай жүк машиналары өтеді. Кеше байқаған боларсыз, кішкентай кезек болды. Бірақ оның себептері Ресей жақтан кейбір машиналар біздің жаңа ережелерімізді білмей, Ресей Федерациясынан шығып кеткен. Бірақ Қазақстанға кіре алмай қалды. Олар Еуропа, Прибалтикадан келіп жатқан жүк машиналары. Олардың мәселесін біз шештік. Бүгін, ертең олардың қасында жүріп тасымалдап, Қазақстаннан шығарып жібереміз.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Егер да транзиттік 1А мен 1Б категориялы елдерден келе жатқан жүк тасымалымен жүрген жүргізушілердің бәріне сауалнама жасайды, қызуын өлшейді. Егер де қызуы болса, изоляторға салынады уақытша, жедел жәрдем келгенше. Бүкіл жұмыстар коронавирусты кіргізбеуүшін жүріп жатыр. Карантиндік пункттер күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бақылау жұмыстары күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы