411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 18 санитарлық бақылау бекеті ашылды

  • 235
  • UPD: 12:42, 22.03.2020

Коронавирус індетінің таралмауы үшін Алматы облысында 18 санитарлық бақылау бекеті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның басым бөлігі Қарасай, Талғар, және Іле ауданында, төртеуі Талдықорғанда жұмыс істеп тұр. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекеттің жұмысымен тілшіміз Шыңғыс Қалиден де танысты.

Шыңғыс ҚАлиден, тілші:

- Санитарлық бекеттің бірі Алматы – Талдықорған тас жолында ашылды. Арнайы мамандардан жасақталған жұмыс тобы таңғы 7:00-ден бастап жұмыс істеп жатыр. Олар қалаға кірген әрбір көлікті есепке алып, көлікті зарарсыздандырып жатыр. Медициналық құрылғы арқылы жолаушылардың дене қызуы да тексерілуде.

Бұндай қауіпсіздік шарасы Қарасай ауданында тұратын ер адамның короновирусты жұқтыруына байланысты қабылданып отыр. Індет шыққалы Талдықорғанда бетпердеге де сұраныс артқан. Осындай жағдайды пайдаланып, заңсыз әрекетімен оңай олжа таппақ болған ер адам ұсталды. «Оның жүк көлігінен 250 қорап медициналық маска тәркіленіп, тексеріс жүргізіліп  жатыр», дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің мамандары.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы