447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы блок-бекеттер қатаң режимге көшті

  • 107
  • UPD: 14:02, 22.03.2020
Алматыдағы блок-бекеттер қатаң режимге көшті

Бүгіннен бастап Алматыға кіріп-шығуға тыйым салынды. Қала сыртындағы 27 блок-бекет жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін, жергілікті әкімдік 19 наурыздан бастап тұрғындардың қаладан шығуына немесе қалаға оралуына 72 сағат берген болатын. Енді түнгі 00:00-ден бастап блок-бекеттер қатаң режимге көшті. Полиция департаментінің мәліметі бойынша наурыздың 19-ынан бері Алматыдан 24 мыңға жуық көлік шыққан. Сондай-ақ қалаға 30 мыңға жуық автокөлік кірген. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер және азық-түлік тасымалдаушылар жасыл дәліз арқылы қатынай алады.

 

Хабар 24 телеарнасы