432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 577 жолаушы стационарлық бақылауға алынды

  • 293
  • UPD: 15:54, 22.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласында 577 жолаушы қазір стационарлық бақылауға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың кейбірі шаһардағы Рамада қонақ үйінде.

Естеріңізге салайық, қазір бұл нысан стационарлық мақсатта жұмыс істеп тұр. Онда оқшауланған азаматтар тиісті зертханалық сынама тапсырып, нәтижесін күтіп жатыр. Солардың бірі –  Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен келген Фатима Нұрғалиева. Онымен телефон арқылы тілдесіп көрген едік.

Фатима Нұрғалиева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Айтуларынша, біз бір осында бір тәулікке қаламыз. Егер тест нәтижесі теріс болса, үй жағдайындағы карантинде боламыз. Дене қызуымызды екі рет өлшеді, су әкелді. Таңғы асымызды іштік. Қазір тест нәтижелерін күтіп жатырмыз. Мұндай жағдайда дұрыс деп санаймын. Өзге елдермен салыстырғанда біздің елде тиісті шаралар қолға алынған, олармен толық келісемін.

Хабар 24 телеарнасы