447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда жастар тегін маска таратып жүр

  • 84
  • UPD: 18:35, 22.03.2020
Жезқазғанда жастар тегін маска таратып жүр

Жезқазған жастары қала тұрғындарына тегін маска таратып жатыр. «Жылы жүрек» волонтерлік ұйымы медициналық бетпердені өздері тігіп, мұқтаж жандарға жаппай үлестіруде.

Қайырымдылық шараға қаладағы тойхана қызметкерлері де жұмылған екен. Мейрамхана иесі сондағы ыдыстарды сатып, орнына бірнеше тігін машинасын сатып алыпты. Қазір медициналық маскаларды сол тойханада тігіп жатыр. Күніне 300-ден аса бетперде дайындайды. Волонтерлер соңғы 3 күнде мыңнан аса максаны тегін үлестіріп үлгерді. 

- Елімізде болып жатқан коронавируске қарсы өзімізден шамалы көмек ретінде осындай маска тігуді жөн көрдік. Таратылып жатыр. Кеше бастадық бұл жұмысты. 

Көкшетаудағы волонтерлер де игі істен шет қалған жоқ. Олар соғыс ардагерлеріне азық-түлік өнімдерін мен дәрі-дәрмек жеткізіп берді.

Хабар 24 телеарнасы