445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында вирусқа қарсы дәрі мен жабдық жинақталды

  • 100
  • UPD: 20:21, 22.03.2020

Қызылорда облысындағы медицина мекемелерінде коронавирусқа қарсы қорғаныс құралдарының мол қоры жиналды. Дәрі-дәрмек те жеткілікті. Індеттің алдын алу үшін республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 26 миллион теңгеге түгелдей қажетті жабдық сатып алынған.

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы да COVID-19-бен күресті қарқынды жүргізіп отыр. Күн сайын медициналық көмекке жүгінген азаматтардың денсаулығы туралы мәліміттер екжей-текжейлі зерделенуде. Әсіресе шетелде болғандар мен дене қызуы жоғарылағандарға баса мән беріледі. Тіпті коронавирус күдігімен адамдарды тасымалдау шараларын пысықтау үшін арнайы оқу-жаттығулар өткізілген. 

Алмат Құрманғали, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Індеттен жинаған тәжірибеміз де бар. Өйткені күдіктенген өткен аптада, өткен кездерде бір науқастар болды. Шетелден келген науқастар болды. Дене қызыуы көтеріліп келгендер болды. Бірақ оның бәрінен коронавирус біздің Қызылордада, Қызылорда облысында анықталған жоқ. 

Облыстағы ауруханалар да барынша қырағылық танытып отыр. Қабылдау бөліміндегі мамандар азаматтардың дене қызуын қашықтан өлшейді. Егер коронавирус шыққан қалаларда болғандардан індет белгілері байқалса, дереу оқшаулайды.  

Нұрбол Махамбетияр, көп бейінді облыстық аурухана директорының орынбасары:

- Дене қызуының көтерілуіне байланысты науқасты біздің медбрат маска береді. Респираторный үлкен сол маскамен бірге изолятор, оқшаулау бөліміне алып келеді. Науқасты осында кіргізеді. Науқасты орналастырып болып қайтадан звандаған кезде дәрігер толық қорғаныс киімдерін киіп алып, науқасқа қайта барып, осы жерден эпиданализ жиналып, бас дәрігерге және эпидемиологқа хабарласады алгоритм бойынша. 

Айта кетейік, облыстағы провизорлық стационарда 100 орын дайын. Сондай-ақ карантиндік 400 төсек орын бөлінген. 

Рауан Мыңбаев, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда бұл мәселе облыс әкімінің тікелей жіті бақылауында. Қала және аудан әкімдеріне күн сайын тапсырма беріп, аурудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүргізуді міндеттеп отыр. Сондай-ақ дәрігерлердің де қауіпсіздігі басты назарда. Медициналық мекемелер толықтай қазір дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Бюджеттен арнайы қаржы қаралған. Сондай-ақ олар қорғаныс костюмдерімен де қамтамасыз етілді. Бетперде, респиратор сынды жабдықтар сатып алынды. 

Бүгінгі күні Қызылорда облысындағы провизорлық стационарда Германиядан келген 4 адам карантинде жатыр. Олардан коронавирус анықталған жоқ. 

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы