399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық волонтерлер бетпердені тегін таратып жатыр

  • 262
  • UPD: 11:12, 23.03.2020

Жамбылдық жастар да бетпердені қолдан тігіп, тегін таратып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тігінші мамандығын оқып жатқан студенттер оларды үйлерінде тігеді, ал дайын болған өнімдерді волонтерлер таратады. Ең бірінші кезекте қоғамдық орындарда жиі жүретін жұмысшыларды қамтуға басымдық беріліп отыр. Олар көшелерге шығып, қаланың тазалығына жауапты мекеменің қызметкерлеріне жеке-жеке үлестіріп шықты. Күніне кемінде 200 адамды қамтуды көздеп отыр.

Айта кету керек, биыл аймақ бойынша тіркелген 8 мыңға жуық волонтер бар. Олар 7 бағыт бойынша 21 жобаны іске асырып жатыр.

Ернұр Мадияров, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Одан бөлек, біз қазіргі таңда еріктілерге бағытталған онлайн бағдарлама қосып жатырмыз. Яғни кімге еріктінің көмегі қажет, бізге желі арқылы өтінім тастай алады. Аты-жөніңізді, мекенжайыңызды, қандай көмек керек екенін жазып жіберсеңіз, қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы