422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығысқазақстандық еңбек ардагері білім алған мектебіне спорт жабдықтарын сыйға тартты

  • 325
Шығысқазақстандық еңбек ардагері білім алған мектебіне спорт жабдықтарын сыйға тартты

Шығыс Қазақстанда «Туған жер» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бесқарағай ауданында өңірге белгілі меценат, еңбек ардагері Құмар Мұқашев өзі білім алған мектепке спорт жабдықтарын сыйға тартты. Футбол, баскетбол, волейбол доптары мен шаңғылар, арнайы аяқ киімдер жас спортшыларды қуантып тастады. Спорт саласында өзі де талай шыңды бағындырған Құмар ақсақалдың жасы бүгінде 80-нен асса да қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес. Алдағы уақытта ол кәсіпкер балаларымен бірігіп, 120 орындық балабақша салуды да жоспарлап отыр. Ауданда жыл басында инвестициялық форум өтіп, оған осы өңірден шыққан ірі кәсіпкерлер қатысқанын да айта кетейік. Сол жиында жалпы сомасы бір миллиард теңгеден асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша әкімдік пен іскер азаматтар арасында меморандумдарға қол қойылған болатын.

Құмар Мұқашев, еңбек ардагері:

– Спорттан біз Бесқарағай ауданын Қазақстан бойынша танымал еткенбіз. Спорт – денсаулық кепілі.

Жарқын Дүйсенбаев, 9-сынып оқушысы:

– Үш жыл қатысқанымыз бекер емес, аудандық, облыстық жеңімпазбыз. Өзіміздің командамыз бар. Құмар атамыз беріп жатқан жабдықтарға, спорт доптарына, шаңғыларға рақмет. Енді тек доп емес, шаңғы да тебетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы