399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үй карантиніндегі адамдарға волонтерлер көмектесуде

  • 166
  • UPD: 10:21, 23.03.2020

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Алматы қаласында 1 мың 243 адам үй карантиніне орналастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біз қазір Қонаев көшесіндегі 51-үйдің жанында тұрмыз. Бұл – алғашқы болып оқшауланған үйдің бірі. Осы үйдің жауапты азаматы Андрей Николаев есімді адаммен сөйлестік. Оның айтуынша, үй карантинінде отырған тұрғындардың жағдайы жақсы. Оны Андрей қайдан біледі десеңіздер, ортақ чаттары бар екен. Барлық жаңалықтар мен өзгерістер сол жерге жазылады. Бірінші емхананың дәрігерлері зейнет жасындағы және созылмалы ауруы бар адамдарға күнделікті хабарласып, қал жағдайларын біліп тұрады екен. Ал басқа тұрғындар егер өздерін жайсыз сезініп, бір жерлері ауыра бастаса, бірден дәрігерге хабарлауы тиіс. Бұл Гоголь көшесіндегі 75-үймен көрші тұр. Екі үйде шамамен 160-қа жуық пәтер бар екен. Тұрғындар 14 күнге карантинге алынған болатын. Сол уақыттан бері азық-түлікті супермаркеттер жеткізіп береді. Сондай-ақ волонтерлер де қолқабыс жасап отыр. Олар да керек-жарақтарын әкеліп береді. Дәріханаға баратындар да солар. Өз қауіпсіздіктері үшін қолма-қол ақша алмайды. Барлық төлем электронды түрде жасалады. Бұл адамдардан коронавирус инфекциясына тест алынбаған. Өйткені олар науқаспен тығыз қарым-қатынаста болмаған. Олар өз бетінше дене қызуын күніне бірнеше рет өлшеп отырулары тиіс. Қандай да бір күдік туса, лезде дәрігерге хабарлаулары керек.

Хабар 24 телеарнасы