411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдауға қосымша 2 млрд теңге бөлінеді

  • 194
Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдауға қосымша 2 млрд теңге бөлінеді

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 2 млрд теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін бұл бағдарламаға 9 млрд 900 млн теңге қаралған еді. Қосымша қаржы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тартуға жұмсалады. Атап айтар болсақ, жеңілдетілген несиелер беріледі. Сонымен қатар олар өзге азаматтар сияқты «Бастау – бизнес» бағдарламасы бойынша 1 ай оқымай-ақ грант ала алады. Төтенше жағдай жарияланғалы бері өңірде ешқандай қысқарту болмаған. Ал жыл басынан бері 103 адам қысқартуға ұшырап, 23-і қайтадан жұмысқа орналастырылды дейді мамандар. Алматы облысында биыл 46 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Соның 14 мыңы «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылады.

Бақыт Жақсыбаева, облыстық ЖҚҮ және ӘБ басқармасы басшысының орынбасары:

– Сонымен қоса шағын несие беруге осындай осал топтағы адамдарға көп жеңілдіктер бар. 6 пайыздан «Еңбек» бағдарламасында қарастырылса, оларға 4 пайызбен беріледі. Сонымен қоса, төлеу мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы